Түнгі клуб тыйым салынған «күлкі газын» сатып келген

32
30.01.2026 18:05

 Еліміздің ішкі істер министрлігі жедел іздестіру шарасы кезіне адам ағзасын кері әсер ететін, зиянды қоспалар толтырылған 416 баллон сақталған қойманы анықтады.  Шымкент қаласындағы түнгі клубтардың бірінде сатуға заңмен тиым салынғанына қарамастан «смешариктер» деп аталатын өнімді ашықтан-ашық саудалап келгендердің әрекетін  әшкереледі. Аталған іс бойынша тиісті сараптама тағайындалған. Мамандар азот тотығын медициналық мақсаттан тыс қолдану қауіпті екенін ескертеді. Мұндай әрекетке барғандарға 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.