Түркістан
EN

Түркістан облысының әкімі тұрғындарды қабылдады

137
30.01.2026

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров мұқтаждығы мен өтініш айтуға келген  тұрғындарды жеке қабылдап, айтылған  мәселелерді жауапты сала басшылары және құқық қорғау органдары өкілдерімен бірге зерделеді. Қабылдауға Түркістан қаласы мен Бәйдібек, Төлеби, Жетісай, Мақтаарал, Сайрам аудандарының тұрғындары қатысты. Азаматтар тұрғын үй, жер мәселесі, ескерткіш орнату, ұялы байланыс сапасы, әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамтуға қатысты өтініш-ұсыныстарын жеткізді. Облыс әкімі әрбір мәселені заң аясында шешуді тапсырды. Бірқатар түйіткіл сол мезетте шешімін тапты.