Шымкент қаласындағы орта білім беру ұйымдарында стоматологиялық кабинеттер жұмысын бастады. Енді оқушылар мектептен шықпай-ақ тіс дәрігерінің тексеруінен өте алады. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Болашаққа – сау тіспен» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр.