Түркістанда жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі кең көлемде талқылануда. Осыған орай бүгін «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында облыс прокурорының қатысуымен студенттерге арналған арнайы кездесу өтті. Жиынның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауатын арттыру, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру және қоғамда құқық бұзушылықтың алдын алу. Жиында облыс прокуроры қазіргі күні кеңінен тарап жатқан интернет алаяқтық бойынша сөз қозғап, банк есепшоттары арқылы жүзеге асатын тәсілдерді атап өтті. Сондай-ақ, жастардың болашаққа жауапкершілікпен қарап, құқықтық мәдениетті қалыптастыруда белсенді болуы қажет екенін жеткізді.