Шымкентте тағы бір әйел пышақ жарақатынан қаза тапты

10
29.01.2026 17:45

Шымкентте тағы бір келіншек пышақ жарақатынан  көз жұмды. Қайғылы оқиға кеше түскі уақытта болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті жәбірленушімен  араздасып,  пышақ жарақаттарын салған. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні ізін суытпай анықтады. Алайда ер адам тәртіп сақшыларға қарсылық көрсеткен. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, полицейлер қызметтік қару қолдануға мәжбүр болды. Күдікті жараланып, ауруханаға жеткізілген. Кейін ол қамауға алынып, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.