Келес ауданында 500 гектар болатын еліміздегі ең ірі өнеркәсіптік жылыжайдың 51 гектары іске қосылады. Қажетті жабдықтар Нидерланд елінен алып келінген. Кешеннің ресми ашылуы көктемде болмақ. Жалпы жоба өз ісін бастағанда 800 жаңа жұмыс орны ашылып, 25 000 тонна қызанақ өсірілмек. Сондай-ақ, паркте өнімдерді қорапқа салу, өңдеу және консервілеу цехтарын ашуға мүмкіндік бар. Бұл өз кезегінде логистикалық шығындарды едәуір қысқартып, шағын және орта бизнестің дамуына серпін бермек.