Қарағандыда 9 жастағы бала арыққа құлап, қаза болды. Ол қар мен жаңбыр суы жиналатын су атызына абайсызда түсіп кеткен. Қайғылы оқиға Серов көшесіндегі тұрғын үйдің жанында болған. Шақыртуға келген құтқарушылар 9 жасар баланың денесін бір сағат өткен соң алып шыққан. Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары ана-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды және барынша сақ болуды ескертеді.