Президенттің баспасөз хатшысы ауысты

5
29.01.2026 17:42

 Бүгін Ел Президентінің баспасөз хатшысы ауысты. Мемлекет басшысының жарлығымен Руслан Желдібай Президенттің көмекшісі әрі баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды. Бұл қызметке бұған дейін Президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болған Айбек Смадияров тағайындалды. Айбек Серікбайұлы 1983 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде білім алған. Көп жылдар бойы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінде еңбек еткен.