Түркістан қаласындағы 38 мемлекеттік мектептің барлығы интернет желісіне қосылған. Бұл туралы қалалық білім бөлімінің жылдық атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру жиынында мәлімделді. Сондай-ақ, Түркістан қаласында 240 мектепке тіркелмеген білім алушыны анықтау жөнінде тапсырма берілген. Алайда көрсетілген оқушылардың нақты мекенжайын анықтау бірқатар қиындықтар туғызып отырғанын айтты. Мамандардың пікірінше, бұл жағдай индикаторлық тапсырмалардың орындалуына кедергі келтірген. Бұдан бөлек, оқыту мен бағалау жұмыстарымен қатар, мектеп асханалары да цифрлық жүйеге көшірілген.