Қазіргі Астана қаласының ел орталығы болатыны туралы осыдан 180 жыл бұрын айтылған. Дәлірек айтқанда, поляк ақыны Адольф Янушкевич өз еңбегінде «Ақмола – қазақ даласының астанасы» деген жазба қалдырыпты. Бұл туралы қазақ-поляк ұлтының мәдени байланысын зерттеуші Жандос Қарынбаев оқытушы және студенттермен өткен кездесуде мәлімдеді. Тарихшы қазақ пен поляк халықтарына қатысты көптеген қызықты деректермен бөлісті.