Бәйдібек ауданына қарасты Ақжар елді мекеніне табиғи газ берілді. Газ құбырының ұзындығы 5,2 шақырым, нәтижесінде аудандағы жалпы 50 елді мекеннің 80 пайызы табиғи газбен қамтылды. Оған қоса, ағымдағы жылы 7 елді мекеннің газдандыру құрылысы жүргізіледі. Бұл жобалар толық іске асқан жағдайда, Бәйдібек ауданы 100 пайыз табиғи газбен қамтылатын болады.