Түркістан
EN

Инвестиция тарту мен жаңа жобаларды іске асыру мәселелері кеңінен талқыланды

48
28.01.2026

Түркістан облысында инвестиция тарту мен жаңа жобаларды іске асыру мәселелері кеңінен талқыланды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен инвестициялық штаб отырысында өңір экономикасына қаржы әкелетін жобалардың барысы сараланып, биыл іске асатын бастамалар мен қытайлық инвесторлармен жүргізілген келіссөздердің нәтижелері пысықталды. Жиында Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай ауданда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың барысы туралы баяндап, бірқатар бастамалардың іске асу кезеңін, түйіткілді мәселелер мен оларды шешу жолдарын атап өтті.