Түркістан
EN

Алматыда жолда келе жатқан автобус жүргізушісі кенеттен көз жұмды

101
27.01.2026

Алматыда жолда келе жатқан автобус жүргізушісі кенеттен көз жұмды. Оқиға Абай даңғылы мен Саин көшесінің қиылысында, автобус бағдаршамның қызыл шамына тоқтап тұрған кезде болған. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, ер адамда жедел миокард инфаркті болған. Жолаушылардың бірі жүргізушінің жағдайы күрт нашарлағанын байқап, жедел түрде кабинаға кіріп, тежегішті басып үлгерген. Жолаушылар дереу жедел жәрдем шақырғанымен, 53 жастағы жүргізушіні аман алып қалу мүмкін болмаған.  “Алматыэлектротранс” компаниясының мәліметінше, жүргізуші демалыстан кейін алғашқы жұмыс күніне шыққан екен. Таңертең ол міндетті рейс алдындағы медициналық тексеруден өткен. Жүргізуші компанияда 2023 жылдың тамыз айынан бері жұмыс істеген және диспансерлік есепте тұрмаған.