Түркістан
EN

Шығыс Қазақстанда жүк тиелген 18 вагон рельстен шығып кетті

162
05.04.2022

Шығыс Қазақстанда жүк пойызының 18 вагоны  рельстен шығып кетті.Тіпті вагонның бірнешеуі Ертіс өзеніне құлаған. Оқиға күні кеше  Өскемен-Күмістау теміржол учаскесінде болған. Пойыз сағатына 37 шақырым жылдамдықпен жүрген.  Айта кетсек,  Руда тиелген екі вагон Ресейдің меншігі. Шлак тиелген тағы 16 вагон "ҚазцинкТемірТранс" серіктестігіне тиесілі. Қуанышқа орай қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жолаушы және жүк пойыздарының кідірісі де болмаған дейді жауаптылар.