Түркістан
EN

Қысқы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілді

100
27.01.2026

Түркістан облысында қыс мезгілінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілді. Сонымен қатар жағдайды бақылау және қажетті іс-әрекеттерді жылдам үйлестіру мақсатында жедел штаб құрылып, тәулік бойы жұмыс істеуге көшкен.  Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде баяндалды. Жауаптылар күшейтілген режимге 21-қаңтардан бастап кіріскенін айтады.