Түркістан
EN

Қазақстандықтар бәс тігу арқылы 4 трлн теңгесінен айырылған

105
27.01.2026

Елімізде бір жыл ішінде құмар ойын нарығындағы қаржы көлемі 1,6 триллион теңгеге жеткен.  Шамаман 700 мың адам бұл ойынға  әуестігін жеңе алмай келеді.  Ақпаратты Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді. Оның айтуынша, заңдағы өзгерістер букмекерлік кеңселерден мемлекетке түсетін салық көлемін азайтқан. Ал, ресми дерекке сүйенсек, бәске тігілген 1,6 триллион теңгенің 1,2 триллионы ойыншыларға ұтыс ретінде қайтарылған. Осылайша, құмар ойын бизнесінің орташа қайтарымдылық деңгейі 75%  болса, қалған 25% букмекерлік ұйымдардың табысына айналған.