Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров бір палаталы Парламент – Құрылтайға көшу заң шығару үдерісін оңтайландырып, шешім қабылдау тиімділігін арттыратынын мәлімдеді. 145 депутаттан тұратын бір палаталы Парламентте заңдар жедел қабылданып, депутаттардың жауапкершілігі күшейеді. Ал пропорционалдық сайлау жүйесі партияларды нығайтып, саяси бәсекелестікті арттыру арқылы қоғам мүддесін нақты жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл әлеуметтік және инфрақұрылымдық маңызды заңдардың уақытылы қабылдануына жол ашады дейді, мәжіліс депутаты.