Елордада автокөлік өртенді. Оқиға Нұра ауданы Қорғалжын тас жолының бойында болған. Өрт сөндіру жасақтары жеткенше көлік толықтай өртке оранған. Оны сөндіру үшін орташа көбік түзгіш генератор қолданылды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде өрт сөндірілді. Белгілі болғандай зардап шеккендер жоқ. ТЖМ азаматтарды қысқы мезгілде, әсіресе ауа райы суығанда, автокөлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.