Елімізде қоқысты кез-келген жерге тастап кетудің 4 мыңға жуық дерегі анықталды. Ішкі істер министрлігінің берген ақпарына сәйкес, осындай әрекетке барғаны үшін 664 мыңнан астам азаматқа әкімшілік құқық бұзушылық шарасы көрілген, олардың қатарында лаузымды тұлғаларда бар. Анықталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында жергілікті атқарушы органдарға 2 834 ұсыныс жолданып, соның нәтижесінде 2 295 заңсыз қоқыс орны жойылды. Құқық қорғау органдары азаматтарды экологиялық заңнама талаптарын сақтауға, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады.