Солтүстік Аралды сақтау және су ресурстарын тиімді пайдалану бағытындағы жаңа жобалар талқыланды. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілімен кездесіп, Көкарал бөгетін реконструкциялау арқылы теңіз деңгейін көтеру және Қызылорда облысындағы ирригация жүйелерін цифрландыру мәселелерін қарады. Қазір жобалар мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр, ал бастамалар Премьер-министр төрағалығымен өтетін үйлестіру кеңесінде қаралатын болады.