Түркістан
EN

Сарыағашта айналма жолдың құрылысы биыл басталады

105
26.01.2026

Сарыағаш ауданындағы айналма жолдың құрылысы биыл басталады. Оның ұзындығы 102 шақырымға дейін жетеді. Көлік дәлізі 1 Б санатында,  4 жолақты етіп төселеді.  Жоба аяқталған соң халық тығыз қоныстанған өңірдегі көлік нөпірі айтарлықтай азаяды деген сенім бар. Сондай-ақ шекара арқылы алыс апарға шығатын көліктердің кідіріссіз қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Республикалық маңызы бар ескі жолмен қазір орта есеппен тәулігіне 18-20 мыңдай автотехника  әрі-бері қатынауда.