Түркістан
EN

Шағын өндірістік паркте капсулалы үйлер мен сэндвич-панель шығарылып жатыр

60
26.01.2026

Түркістан облысында капсулалы үйлер құрастырылып жатыр. Қолға алынған жаңа өндіріс орнына облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы барып, жұмыс барысымен танысып қайтты.  Мұндай ғимараттарды туристік кешендер мен глэмпингтер ретінде, модульдік кеңселер мен мобильді үйлердің орнына, дала зертханалары, сондай-ақ,  қонақүй ретінде пайдалануға болады. Жылына 200 данаға дейін осындай дайын баспана шығаруға қауқарлы кәсіпорын шағын өндірістік паркте орналасқан. Өнім заманауи жобалау және өндіріс технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылуда. Капсула үйлер кеңістікті тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін және ерекше эстетикалық тартымдылықпен әзірленген.  Бұдан бөлек, өңірде «Bnk Group» компаниясы өз өндірістік базасында заманауи сэндвич-панельдер шығаруды жолға қойды. Жоба аясында тәулігіне 1 000 шаршы метрге дейін дайын өнім өндіруге мүмкіндік беретін жоғары технологиялық өндірістік желі іске қосылды. Бұл бастама инфрақұрылымдық жобаларды сапалы құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге жағдай жасайды.