Түркістан қаласындағы теміржол вокзалы маңы алдағы уақытта туристік әрі мәдени аймаққа айналуы мүмкін. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров вокзал аумағы мен ескі шаһар маңындағы бірқатар тарихи нысандарды аралап, олардың қазіргі жай-күйімен танысты. Сапар барысында теміржол инфрақұрылымына жақын орналасқан ғимараттардың сәулеттік келбетін сақтай отырып, туристерге ыңғайлы етіп дамыту жолдары қаралды. Тарихи ғимараттарда мұражайлар, дәмханалар мен фудкорттар ашу жоспарланып отыр. Аталған бастамалар Түркістанның туристік әлеуетін арттырып, қала қонақтары үшін жайлы орта қалыптастыруды мақсат етеді. Айта кетейік, Түркістан теміржол вокзалы 1904 жылы салынған еліміздегі ең көне әрі тарихи орындардың бірі.