Жаңатіршіліктегі ағайын кәсіпкерлерге ренжулі. Көк майса жерді егістікке пайдаланғаны аздай, жан-жағын 2 метрге жуық ор етіп қазып тастаған. Содан малдарымыз түсіп, шыға алмағаны шетінен өліп жатыр дейді. Одан бөлек, ауыл тұрғындарының ата-қонысын кәсіпкерлер қоршап алыпты. Тіпті пайдаланбай отыр дейді. Енді тұрғындар малдарын қайда апарып жаярын білмейді. Аталған елдімекенде 2000 га жайылым бар. Тұрғындардың ашынатыны сол бір адамға 1000 гектарлап жер берген, ал көпшілік 580 га жерге қарап отыр. Жалпы ауданда 996 мың га жайылым жер жетіспейді. Сондықтан, жекенің қолында кеткен 88 мың га жайылым жерді қайтару көзделуде. Оның 66 мың га мен келісімге келіпті. Өзгесін ортақ жайылымға айналдырмақ. Бұл бір ғана ауылда емес, бірнеше жердегі көрінісі