Түркістан
EN

«Ауыл аманаты» арқылы 4 мыңдай жоба қаржыландырылды

96
23.01.2026

 Түркістан облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы соңғы үш жылда 4 мыңға жуық жоба қаржыландырылды. Бағдарлама ауыл экономикасын дамытуға, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған. 2023–2025 жылдары бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 30 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Басым бөлігі игеріліп, мыңдаған ауыл тұрғыны өз кәсібін бастауға мүмкіндік алды.