Түркістан облысында магистральды каналдар 40 жылдан соң алғаш рет тазартыла бастады. Әсіресе Жетісай ауданында жұмыс қарқын алды. Мұнда үш өзен арнасы аршылып жатыр. Осының нәтижесінде каналдардың су өткізу қабілеті артып, егіс алқаптарын ағын сумен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік туады, - дейді мамандар.