Түркістан
EN

Облыс әкімдігі мен «Хиквижн Қазақстан» компаниясы арасында меморандум жасалды

61
23.01.2026

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Хиквижн Kazakhstan» компаниясының өкілдерімен кездесті.  Өңір басшысы жаңа бастамаларды жүзеге асыруға қолдау болатынын айтып, ІТ, цифрландыру мәселелері маңызды екенін жеткізді. Ал «Hikvision» жобалық бағытының директоры Ақан Құлжан компания қызметінің негізгі бағыттарын таныстырды. Компания Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті базасында оқу орталығын құруды жоспарлап отыр.  Жоба аясында университетті бейнебақылау технологиялары мен қауіпсіздік жүйелері бойынша студенттердің тәжірибелік білім алуына қажетті заманауи жабдықтармен  қамтамасыз ету көзделген. Оны іске асыру барысында үздік студенттер іріктеліп, түлектерді компанияның серіктес ұйымдарына жұмысқа орналастыру жоспарда бар.