Түркістан қаласының кішкентай өрендері көпқабатты тұрғын үйдің автокөлік қоятын жертөлесінде ұлттық ойынды жаңғартып, дәріптеп жүр. Оларды асық атуға үйретіп, баулып жүрген сол үйдің тұрғыны. Бұл бастама балалардың бойына ұлттық құндылықты сіңіріп қана қоймай, аула мәдениетін де қалыптастырып отыр. Тақырыпты әріптесім Әбілқайыр Олжасұлы жалғастырады.