Түркістан облысында 2025 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1 триллион 226 миллиард теңгеге жетіп, өңір бұл көрсеткіш бойынша республика бойынша бірінші орынға шықты. Былтыр облыста 907 мың гектар жерге егін егіліп, мақта, көкөніс және мал шаруашылығынан рекордтық өнім алынды. Су үнемдеу технологиялары да кеңінен енгізіліп, жылыжай көлемі 1 700 гектардан асты. Биылғы жоспар мұнан да көп. Мәлселен агроөнеркәсіп саласында ондаған өндіріс орны ашылып, инвестициялық жоба іске асырылмақ. Сондай-ақ алғаш рет ауылшаруашылығы саласына жасанды интеллект технологиясы енгізіледі.