Елімізде фармацевтика өндірісінің жұмысы қарқындайды. Жаңа кәсіпорындар Алматы облысы мен Түркістан облысына салынады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыларға қол қойды. Бекітілген жобаларға тартылған инвестициялардың көлемі 173 млрд теңге. Жалпы алғанда, 356 дәрі-дәрмек түрінің өндірісін локализациялау көзделген. Сондай-ақ, жоғары технологиялы зауыты Түркістан облысындағы TURAN арнайы экономикалық аймағына салынады. Жоба аясында 101 дәрілік зат шығарылады және 265 жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.