Түркістан
EN

Қазақ әскерлері Голан жоталарында мыңнан аса жарылғыш затты жойған

61
22.01.2026

Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында сәуір айынан бері 44 операция өткізіп, мыңнан аса жарылғыш затты жойған. Олардың арасында қолдан жасалғандары да бар. Табылған оқ-дәрілердің барлығы Сирия аумағындағы қарулы қақтығыстардан қалған қауіпті мұра болып саналады. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, әскерилер мұндай тапсырмаларға жіберілмес бұрын Алматы гарнизонындағы Бітімгерлік операциялары орталығында және Қонаев гарнизонында кешенді арнайы дайындықтан өтеді.