Саяси ұстанымы берік елдің көші де түзу болмақ

6
22.01.2026 17:34

 Тәуелсіздік – мерейтойлық ұран емес, қазіргі күрделі геосаяси жағдайда ұлттық стратегияның негізгі қағидасы. Сыр елінде өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  елдің жер тұтастығы, қауіпсіздігі мен егемендігін сақтау басты мақсат екенін тілге тиек етті. Айтуынша, Қазақстан халықаралық аренада өзін жауапкершілігі жоғары «орта держава» ретінде орнықтырып келеді. Ал халықаралық қатынастар саласының сарапшыларының пікірінше, мұндай ұстанымы бар елдің ішкі тұрақтылығы мен даму бағыты үндесіп, өз мүддедісін сенімді қорғай алатын қуатты мемлекетке айналмақ.