Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады. Жеке қабылдауда азаматтар тарапынан ең жиі айтылғаны мәселелер - әлеуметтік, жұмыспен қамту, білім, денсаулық, кәсіпкерлік сынды салаларға қатысты. Халықтың бірқатар өтініші сол мезетте шешімін тапса, енді бірі зерделеуді қажет ететін болғандықтан жауапты басқарма басшыларына жүктелді. Айта кетейік, мұндай жеке қабылдауларға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы, немесе «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.