Түркістан
EN

Спорттық киімдер шығаратын зауыт ашу мәселесі бойынша келіссөз жүргізілді

75
21.01.2026

Түркістанда спорттық киім тігетін фабрика ашылмақ. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров әлемге танымал «Kelme» компаниясының өкілімен кездесіп, өндірісті іске қосу мәселесін талқылады. Компания өкілі Түркістан облысының инвестициялық әлеуетіне қызығушылық танытып, мақта шаруашылығының дамуы салынғалы жатқан фабрика үшін үлкен мүмкіндік екенін атап өтті. Кездесу барысында индустриалды аймақтардың инфрақұрылымы, логистикалық артықшылықтары, еңбек ресурстары мен инвесторларға ұсынылатын мемлекеттік қолдау тетіктері таныстырылды. Аймақ басшысы Түркістанда өндіріс ашуға барлық жағдай бар екенін айтып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді. Тараптар алдағы уақытта нақты ұсыныстарды қарастырып, ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.