Түркістан
EN

Бидай өңдейтін заманауи зауыт қайта жаңғыртылып, іске қосылды

103
21.01.2026

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу ісін дамытуға күш салынуда. Мұндағы мақсат экспорт көлемін ұлғайту. Түлкібас ауданында «ALTYN NAN» ЖШС-нің ұн шығаратын зауыты алғаш рет 1986 жылы іске қосылып, 2018 жылы тоқтап қалған еді. Қазіргі таңда зауыт қайта жаңғыртылып, жылына 120 мың тонна бидай өнімін өңдеуге дайын. Кәсіпорында 140 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Түлкібаста шығарылған ұн елдің ішкі нарығымен бірге Өзбекстан, Түркіменстан және Ауғанстанға экспортталуда. Диірмен кешені басшылығы жобаны кеңейтіп, өнім көлемін арттыруды көздеп отыр.