Шымкент қаласында тағы бір адам пышақ жарақатынан қаза тапты. Оқиға Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған. Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасынан кейін екі көліктегі жүргізушілер мен жолаушылар сөзге келіп, жанжал ушыққан. Көмектеспек болған тағы бір көлік жүргізушісі де жанжалға араласқан. Арты жаппай төбелеске ұласып, бірнеше адам пышақ жарақатын алды. Салдарынан екі адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. 40 жастағы ер адам қаза тапты. Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.