Мақтаарал ауданында 3 бірдей фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. Медициналық мекемелер өңірдегі Өнімкер, Ырысты, Қарақыр елдімекендерінде ашылды. Жаңа нысандар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерген. Іші заманауи құрылғылармен жабдықталған. Мұнда ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсетуге, ана мен бала денсаулығын бақылауға толық мүмкіндік бар. Ауданның бас дәрігерінің айтуынша Мақтааралда соңғы екі жылда 10 пункт ашылыпты.