Түркістан
EN

Түркістан облысында 50 үйді тонаған қарақшылар ұсталды

209
04.04.2022

Түркістан облысының полицейлері 50-ден астам пәтер ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады. Ол бұған дейін де осындай қылмыс істеп сотталған Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Анықталғандай, жас жігіт түнгі уақытта үйлердің пластик терезелерін бұзып ашып, бөлмелердегі ақша мен алтын бұйымдарды жымқырған. Ұрланған заттарды Шымкент қаласындағы ломбардтарға өткізіп, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Айғақты зат ретінде ұрланған алтындардың бір бөлігі тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды. Күдікті қамауға алынған.