Түркістан
EN

Сарбаз салған батырлар портреттері Ұлттық ұлан музейіне қойылды

45
20.01.2026

Ұлттық ұлан сарбазы соғыс қаһармандарының портреттерін бейнелеп жүр. 55/13 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Бекзат Рамазановтың осындай ерекше қабілеті бар. Бейнелеу және мүсін өнерінің негіздерін меңгерген ол, бос уақытын шығармашылыққа арнайды. Әскери қызметте жүрсе де, өнерден қол үзбей Рақымжан Қошқарбаев, Мәлік Ғабдуллин, Ыбырайым Сүлейменов сынды ел мақтаныштарының бейнесін қағаз бетіне түсірген. Ол, дайын туындыларын бірден Ұлттық ұланның музейіне тапсырады.