Түркістан облысында өткен жылы 148 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылған. Олардың 100 мыңға жуығы тұрақты жұмысқа орналасқан. Осының әсерінен жұмыссыздық деңгейі 4 жарым пайызға төмендеген. Облыстағы бұл салаға жауапты басшы Мекенхан Қозыханұлының айтуынша жұртшылықты жұмыспен қамту 5 бағыт бойынша жүргізіліп жатыр.