Түркістан
EN

Түлектерді еңбекпен қамту жұмысы күшейтіледі

47
20.01.2026

Түркістан облысында енді сұранысы аз жұмысшы мамандықтарының кейбірі қысқаратын болады.    Қазіргі таңда облыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін 50 колледж жұмыс істейді. Оның 28-і мемлекеттік болса, 22-сі жекеменшік. Колледждер ауыл шаруашылығы, құрылыс, туризм, техника және технология, медицина, білім салалары бойынша мамандар даярлауда. Соның ішінде 84 мамандық бойынша 46 мыңнан астам студент білім алып жатыр. Оның 79 пайызы мемлекеттік тапсырыс негізінде оқиды.