Соңғы жылдары жасанды интеллектке негізделген дипфейк технологиясы қоғамда алаңдаушылық туғызып отыр. Бұл әдіс адамның дауысын және бет-бейнесін көшіріп, жалған әрекет пен сөзді шынайы етіп көрсетуге жол ашады. Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арнайы пәтуа шығарды. Мүфтият өкілдерінің айтуынша, кез -елген жаңашылдық адамзат игілігіне, әділеттілік пен адамгершілік қағидаттарына сай, шариғат аясында қолданылуы тиіс. Технологияны игі мақсатта пайдалануға рұқсат етіледі, ал керісінше көпшілікке зиян келтіретін, алдау мен арандатуға бағытталған әрекеттерге тыйым салынады. Діни басқарма мұндай жалған контент қоғамдағы тыныштықты бұзып, адамдар арасында алауыздық туғызуы мүмкін екенін ескертеді. Сонымен қатар дипфейк арқылы қорқыту, психологиялық қысым көрсету немесе адам өміріне қауіп төндіреді. . Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бұл мәселеге бейжай қарамау керектігін айтты.