Кішкентай баласын аяусыз ұрып-соққан ана қамалды

7
19.01.2026 17:10

Жетісу облысында баласын азаптаған әйелге 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр. Бұған дейін аталған жантүршігерлік оқиғаны бүлдіршіннің әкесі видеоға түсірген деген ақпарат тараған еді. Белгілі болғандай, бейнежазбаны үй иесінің құрбысы түсірген. Жантүршігерлік оқиға Нұркент елді мекеніндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. Видеодан шамамен 3-4 жастағы баланы әйелдің аяусыз соққыға жыққанын көруге болады. Әкімдік мәліметінше, ұлын соққыға жыққан келіншек 2020 жылдан бері заңды некеде тұрған. Сондай-ақ оның психиатриялық диспансерде есепте тұрғаны анықталып отыр. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ал балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында екі бүлдіршін отбасын қолдау орталығына орналастырылды.