Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады. Оның барысында оқу орнының бұрынғы басшылығы мен мердігер ұйым өкілдері күдікке ілінді. Олар сатып алынатын тауарлардың бағасын әдейі қымбат етіп көрсетіп, жалған мемлекеттік сатып алу шарттарын жасаған. Нәтижесінде мемлекетке 321 миллион теңге залал келтірген. Бұл қаржының 264 миллионы ерікті түрде өтелді. Қылмыстық іс сотқа жолданды.