Түркістан
EN

Шымкентте қаңтар қырғынында қамалғандардың туыстары аштық жариялады

135
04.04.2022

Шымкентте "Қаңтар оқиғасына" қатысты деп қамалғандардың туыстары аштық жариялады. Прокуратура алдына жиналған 10-ға жуық адам жақындарының 4 айдан бері түрмеде отырғанын айтады. Бастапқыда 2 айға қамалған олар әлі күнге дейін босатылмаған. Тұтқындалғандардың туыстары өз наразылықтарын бұған дейін бірнеше рет білдірген. Бірақ, жиналған ел мақсатына сол күйі жете алмаған сыңайлы. Сөйтіп, аштық жариялауға бекіндік дейді. Наразы топ аштықты кеше түстен бастаған. Сөйтіп қалалық прокуратура алдында түнгі он екіге дейін отырды. Осыдан кейін учаскелік полицейлер келіп, жұрттың үйіне тарқауына тура келген. Ал, бүгін прокуратура алдына қайта жиналды. Бірақ, бұл жолы погондылар оларды ғимаратқа кіргізіп, сұқбаттасты. Алайда, бұл кездесуге БАҚ өкілдері қатысқан жоқ.