Түркістанда қазақ-өзбек бірлескен жұмыс топтарының отырыстары өтті

6
19.01.2026 17:07

Сырдария өзеніне алдағы уақытта он гидробекет орнатылады. Оның 5-і Қазақстан тарапында, 5-і Өзбекстан аумағында бой көтереді. Жоба трансшекаралық суды бөлудің ашықтығы мен дәлдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жайында су үнемдеу бойынша Түркістанда өткен қазақ-өзбек жұмыс топтарының отырысында белгілі болды. Онда «Достық» су арнасын тазалау және жөндеу жұмыстары да талқыланды. Көршілес елдердің жауапты мамандары су үнемдеу технологиясын енгізу саласында тәжірибе алмасуға келісті.