Жекеменшік емханалар қайтыс болған мыңға жуық адамға 3 640 рет қызмет көрсеткен. Олардың арасында былтыр және 2023 жылы көз жұмғандар да қабылдауға жазылған. Осындай тәсілмен олар бюджеттің 682 млн теңге қаражатын жымқырған. Жекеменшік емханалар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен оның клиникаларының арасында 2,4 млрд теңгеге келісімшарт жасалған. Салық органдары жүргізген талдау нәтижесінде медициналық ұйымдардың басшылары 2024–2025 жылдары 5 мыңнан астам жылжымайтын мүлік сатып алғаны белгілі болды. Осы заңбұзушылықтарды реттеу үшін Премьер-Министр Олжас Бектенов Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын толық тексеріп, оны Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағынан Қаржы министрлігіне беруді тапсырды.