Туған әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адам 5 жылға сотталды

15
16.01.2026 17:28

 Шардара ауданында қарт әкесіне қатыгездік көрсетіп, аяусыз ұрып-соққан Алмас Садақбаевқа үкім шықты. Оны Жетісай аудандық соты қылмыстық кодекстің «Қинау» және «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» баптары бойынша кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды. Сот оның кәмелет жасқа толмаған балалары барын, отбасының жалғыз асыраушысы екенін, сондай-ақ бұрын-соңды сотты болмағанын ескерген. Енді сотталушы Садақбаев жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді. Ал, оның бұған дейін қамауда болған 1 күні бір жарым күнге есептелетін болды.