Түркістанда Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің ауқымды отырысы өтті. Басқосуға ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен қоғам белсенділері қатысты. Жиында ассамблеяның 2030 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы жан-жақты талқыланды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жас буынды қоғамдық жобаларға тарту жұмысы кенжелеп қалмау қажеттігін айтты. Қатысушылар тарапынан құрылымның жұмысына қатысты нақты ұсыныстар айтылды. Оның ішінде этносаралық татулықты сақтау, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, жастар мен еріктілерді түрлі жобаларға тарту секілді бастамалар бар.