Сот жүйесінің материалдық базасы жаңаруда

21
16.01.2026 17:25

2025 жылы Департамент теңгеріміндегі 7 аудандық соттың әкімшілік ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, жалпы ауданы 1 104 шаршы метр болатын Төлеби аудандық сотының жаңа ғимаратының құрылысы жалғасуда. Оны 2026 жылдың бірінші тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, қызметтік тұрғын үйге мұқтаж судьяларды қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатыр.